«Тілдерді үйрену ешқашан ақыл-ойды шаршатпайды»
13 наурыз 2025 жылы «№198 мектеп-гимназия» КММ.інде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың тақырыбы: «Тілдерді үйрену ешқашан ақыл-ойды шаршатпайды». «Learning languages never exhaust the mind»
Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі мұғалімдеріне тілді тиімді оқытудың инновациялық стратегиялары мен әдістемелерін ұсыну. Семинар оқыту әдістерін жетілдіруге, оқушылардың белсенділігін арттыруға және технологияны тіл үйренуге енгізуге бағытталған. Семинар аясында коучингтер өткізілді. Семинарға қала бойынша 8 ауданнан 43 мектептен ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Семинарды мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Иманберлинова Гульназ “Enhancing student motivation through Bodily-Kinesthetic learning methods” (“Дене-Кинестетикалық оқыту әдістері арқылы оқушылардың мотивациясын арттыру”) тақырыбында ағылшын тілі сабағында қолдануға болатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға келушілерді ойынға тарту арқылы сабақта оқушыларды қалай қызықтыратын жұмыс барысында шебер көрсете алды. Келесі кезекте Америка Құрама Штатарынан келген ағылшын тіл маманы Nancy Lindsberg (Нэнси Линдсберг) “Sustainable development aims at the EL lessons” (“Ағылшын тілі сабақтарында тұрақты дамуға бағытталған мақсаттар”) тақырыбында баяндама оқыды.
Педагог-модератор Тоғманова Жанар мен педагог-модератор, педагогика ғылымдарының магистрі Бөлегенова Арайлым “Expanding students’ speaking through vocabulary activities” (“Сөздік қоры арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін кеңейту”) тақырыбында ағылшын тілі сабақтарына сөздік қорды көбейтуге арналған тиімді әдіс-тәсілдерді аудиториямен жұмыс жасай отырып, тиімді көрсете алды. Бағдарламаға сәйкес педагог-сарапшы, педагогика ғылымдарының магистрі Қабылбекова Динара және педагог-модератор, педагогика ғылымдарының магистрі Борасынбай Саида “Breakthrough inventions of the century” (“Ғасырдың атақты өнертабыстары”) тақырыбында тарих пәнімен байланысты атақты әйел ғалымдар туралы мәлімет айтып, оларды сабақ барысында қалай қолдануға және қандай тиімді әдіс-тәсіл түрлерін пайдалануға болатынын көрсетті.
Семинардың соңғы коучингын педагог-модератор, педагогика ғылымдарының магистрі Сүлейменова Жұлдыз бен педагог-модератор, педагогика ғылымдарының магистрі Абиддулаева Инабат “Effective platforms for making lesson engaging” (“Сабақты қызықты ету үшін тиімді платформалар”) тақырыбында сабақ барысында пайдалануға болатын платформалар жайында тоқталып, тиімді жолдарын әріптестеріне нақты көрсете алды.
Семинарға келушілер ағылшын тілі мұғалімдері өткізілген іс-шараларға кері байланыстарын жасап, өз ойларымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.