Мектепке жол » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
июль
2019

Мектепке жол


2019 жылдың 5 шілдесінен бастап «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Жаңа оқу жылы жақындағанда жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткiзедi.

Аталған акция биыл он екінші рет ұйымдастырылып отыр. Акция 2019 жылғы 5 шілдеден

30 қыркүйекке дейiнгi кезеңде «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтедi.

        Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

      Алматы қаласы Түрксіб ауданы № 198 жалпы білім беретін мектепте бұл акцияға белсене атсалысуда.