04
февраль
2020
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікті өткізу жоспарына сәйкес, өзін-өзі тану пәнінің авторы С.Назарбаеваның рухани-адамгершілік білім туралы бағдарламасына арналған «Мейірімін төгетін ана» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 5-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері толықтай қатысты. Мектеп кітапханашысы Абдрахманова Гулбаршынның ұйымдастыруымен Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолына,еңбектеріне байланысты библиографиялық шолу жасалды.