13
март
2021
1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар ! 198 жалпы білім беретін мектеп 2021 жылдың 1 сәуірінен бірінші сыныпқа келетін оқушылардың құжаттарын қабылдауды бастайды.Құжат қабылдау мерзімі 1 тамызға дейін жалғасады.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі төмендегідей:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.Құжаттар egov.kz.порталы арқылы қабылданады.
Сұрақтар болса, 380-20-10 телефонына хабарласуға болады.