«Алматының жыл мұғалімі-2021» » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2021

«Алматының жыл мұғалімі-2021»

 Мектепішілік «Алматының жыл мұғалімі-2021» байқауы
Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт.
Сондықтан педагог мамандар өздерінің білімдерін үнемі шыңдап отырулары керек.Соның дәлелі ретінде мектебімізде 2021 жылдың 15 науырызында «Жыл мұғалімі -2021» байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті. Байқаудың шешуші кезеңіне барлығы 8 мұғалім қатысты.
№ Қатысушының аты-жөні Пәні
1 Ауталип Жанна Талетқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2 Баймбетова Майра Оразовна Биология пәні мұғалімі
3 Култаев Усен Окжигитулы Химия пәні мұғалімі
4 Ерлепес Жанар Тағыбергенқызы Орыс тілі пәні мұғалімі
5 Кабулова Жанат Космырзаевна География пәні мұғалімі
6 Төлеген Гүлнұр Иембердіқызы Тарих пәні мұғалімі
7 Оспангалиев Толеби Сутыбаевич Ағылшын тілі мұғалімі
8 Есімхан Олжас Берікұлы Дене шынықтыру пәні мұғалімі.
Нәтижесінде: ІІІ жүлделі орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауталип Жанна Талетқызы, география пәні мұғалімі Кабулова Жанат Космырзаевна өзара бөлісті. ІІ жүлделі орынды тарих пәні мұғалімі Төлеген Гүлнұр Иембердіқызы иеленсе, ал І орынды химия пәні мұғалімі Култаев Усен Окжигитулы иеленіп, аудандық байқауға жолдама алса, Баймбетова Майра Оразовна, Ерлепес Жанар Тағыбергенқызы, Оспангалиев Толеби Сутыбаевич, Есімхан Олжас Берікұлы шығармашыл, жаңашыл ұстаз ретінде мақтау қағаздарымен және кәсіподақұйымының сыйлығымен марапатталды.
Балғындарға баянды,
Сырын төккен-ұстазсың!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын сепкен-ұстазсың!
Ұстаздар-еңбектеріңіз жана берсін!