Аттестат тапсыру рәсімі » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2021

Аттестат тапсыру рәсімі

Қымбатты ұстаздар! Құрметті жас түлектер! Қадірлі ата-аналар.
Сіздерді ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қымбат саналатын соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Соңғы қоңырау - балалық шақ және уайымсыз мектеп жылдарымен қоштасу мейрамы.
Бұл күнді атап өтудің орны ерекше. Кеше ғана мектеп қабырғасына имене аттаған ұл-қыздарымыз бүгінде ержетіп, алтын ұя мектебімен қоштасып отыр. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі қалмақ.
Енді, олар қызығы мен қиындығы қатар жүретін үлкен өмірге қадам баспақ. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын-ұя мектебімен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін болашақ өмірге қанаттандырады. Алда жас түлектерді үлкен сын күтіп тұр. Барша түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларына тілектеспін. Еліміздегі барша мектеп бітіруші түлектердің ғылым-білім жолында талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат, білікті де, білгір маман болып, болашақта еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдардың сәтті болсын! Жолық ашық болсын, жас түлек.
Ізгі тілекпен: 198 мектеп директоры Асемгул Слямбековна🌹🌹🌹 

Похожие публикации: