Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды, сондай-ақ, жолдарды ретке келтіру тапсырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмысқа тұрақты негізде тұрғындар мен еріктілерді тартудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, әкімдердің қызметі елді мекендер мен қоғамдық кеңістіктердің сыртқы түрі бойынша да бағаланатын болады.