15
март
2024
Қайырымдылық күні!
Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Осы орайда 198 мектеп оқушылары Алматы қаласындағы қарттар үйіне барып, қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қайтты. Сонымен қатар мектебіміздегі ұстаздардың "қайырымдылық акциясы" ұйымдастыруымен аз қамтылған 11 отбасы үйіне барып азық-түлік берілді. Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.