1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2024

1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ

2024 жылғы 1 сәуірден бастап "Алматы қаласы білім бөлімінің №198 жалпы білім беретін мектебі" КММ бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды бастайды. Оқыту тілі-қазақ тілі.
Бірінші сыныпқа алты жасқа толған, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылғандар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Орын саны шектеулі. 200 оқушы қабылдаймыз.