«Ана-барлық көркемдіктің үлгісі, Абай- даналықтың үлгісі» » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ана-барлық көркемдіктің үлгісі, Абай- даналықтың үлгісі»
03
март
2020

«Ана-барлық көркемдіктің үлгісі, Абай- даналықтың үлгісі»

      03.03.2020жылы

Түрксіб ауданының мектеп директорларына арналған

 «Ана-барлық көркемдіктің үлгісі, Абай- даналықтың үлгісі»  деген тақырыбында

семинар №198 жалпы білім беретін мектеп базасында өткізілді.

 Мақсаты:  Абай атамыз айтқан тәрбиелік жөнінде әр түрлі ой пікірлердің жиынтығынан құралған сөздерді үштік одақ«ұстаз- ата – ана- оқушы» арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Семинар барысындамектепте тәрбие ісі бойынша жүргізілген іс-шаралар мен тәрбиелік мәні  зор  жұмыстарға  тоқталып, тәжірибе алмасты.  Актерлық үйірме жетекшісі Сәрсебек А. «Жүректен жүрекке...» монологын және  6 «ғ» сынып жетекшісі Алшанова Жұлдыз «Dear Mother shine as the Sun» ықшамдалған үш тілде тәрбие сағатын өткізді. Қазақ тілі және әдебиет пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тоғжан бейнесі» театрландырылған қойылым көрсетті. Мұнда «Тоғжан бейнесі» арқылы қыз бала бойындағы қасиеттерді дәріптеді. Сонымен қатар,  қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігіндегі  мұғалімдерден құралған Кеңесова Б.,Аймаханова А., Қамбарбекова Ж. «Аяулы ана» әнімен шашу шашты. Мектеп психологы  Аятбек С. «Қыз бала-ұлттың ұяты» тақырыбында тренинг өткізді. Ата-аналар қыз тәрбиесінің жауапкершілігін түсіндіріп, қорытынды жасады. Мектептің ер мұғалімдерінен құралған хор «Ана туралы жыр» әнімен көпшіліктің көңілінен шығып,  ыстық ықыласына бөленді. Шәкірттеріміз жүрегіненжарып шыққан бар ізгі тілектерін - өмірдегі ең қымбатты да, ардақты жан – Аналарға арнады. Семинарға қатысушылар кері байланыс беріп, мектеп директоры Канапьянова Асемкуль Слямбековнаға алғыс  айтып, мектеп ұжымына, ата-аналарға, шәкірттерге шығармашылық табыс және биік шыңдарды бағындыруға тілек білдірді.