Құрметті ата-аналар, оқушылар! » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2020

Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Бүгінгі таңда әлемді шарлаған індет өкінішке қарай, біздің елімізді де айналып өтпеді.Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020-жылдың 6-сәуірінен бастап мектебіміз IV тоқсанды Білім және ғылым министрі А. Аймағанбетовтың бұйрығы негізінде екі бағытта қашықтықтан оқытуды бастайды. Қазіргі таңда мектебіміздің әкімшілігі мен мұғалімдері балаларды жаңа форматта қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстарын жасауда.Бірінші бағыт бойынша 1-11 сынып оқушылары тоқсан басталысымен еліміздің ұлттық арналары арқылы аптасына бес күн онлайн сабақ көріп, білім алады. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. Ал, екінші бағыт бойынша арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы сабақтар өткізіледі. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, онлайн- сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды.
Құрметті АТА-АНАЛАР! Бұл мәселені түсіністікпен қабылдап, балаларыңызға жаңа форматта оқу материалдарын игеруге қолдау білдірулеріңізді сұранамын. Тек бірлесе жұмыс жасау арқылы оқу үдерісін дұрыс жүргізіп, балаларымыздың бойына қажетті білім мен тәрбие бере аламыз.
Қазақ елі бұдан да қиын кезеңдерді бастан кешірген. Осындай қиын да күрделі кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырамын.
Біз сіздермен біргеміз! 

Похожие публикации:

03 апрель 2020 Брифинг
25 январь 2020 «Адал ұрпақ»
22 июль 2019 Мектепке жол