Өлеңдер байқауы » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2020

Өлеңдер байқауы

7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі күніне орай өткізілген «Өлеңдер байқауы» конкурсы туралы
АНЫҚТАМА
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» 2020 жылғы 1-7 мамыр аралығында қашықтықтан 7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі күніне арналған «Өлеңдер байқауы» конкурсын өткізді.
Конкурсқа арнайы жоғары оқу орындарының ғалымдары, біліктілікті арттыру орталығының тренері және пән мұғалімдері қазылық жасады.
Конкурстың қазылар төрағасы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.д. Имаханбет Райхан.
Қазылар мүшесі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. Саткенова Жайна Бағашарқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, гум.ғ. магистрі Рамазанов Талғат Бекболатұлы,«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, тренер, гум.ғ. магистрі Есентаева Айжан Ыдырысқызы, №39 МЛ қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы.
Аталмыш конкурсқа 182 жұмыс келіп түсті. Барлық жұмыстармен танысқанда 5 оқушы жұмысын екі рет жіберген, 2 оқушы видео форматпен жолдаған болып шықты. Сонда конкурсқа қатысқандардың жалпы саны 177 жұмыс болды. Мәселең, Алатау ауданынан 76, Алмалы ауданынан 10 жұмыс, Әуезов ауданынан 5, Бостандық ауданынан 5, Жетісу ауданынан 37, Медеу ауданынан 14, Түрксіб ауданынан 21, Наурызбай 8, НЗМ 1 жұмыс қатысты. 25 оқушы 1-3 шумақ өлеңдерін ұсынған. «Сезілмеген қасиеті өзгелерден, Сырын білем көкіректегі көзбенен. Балаларымды мектептегі сипаттап Жыр жаздым жүрекжарды сөзбенен». деген шумақ біраз жұмыстарда кездесті. Конкурстың талабы бойынша шығармалық жұмыс бес шумақтан кем болмауы және біреудің жұмысын көшіруге жол берілмеуі тиіс. Осы орайда, «Өлеңдер байқауы» конкурсын әділқазылары 177 жұмыстың 65 жұмысын іріктеуден өткізіп, 65 жұмысты қайта қарап, төмендегі оқушылардың жұмыстарына орындар белгіледі.
Алматы Дарынының І дәрежелі дипломдарымен марапатталады:
1.№198 ЖББМ – Тоғжан Жұматай 5-сынып оқушысы
2.№198 ЖББМ – Розикулов Азамат 5-сынып оқушысы
3. 198 ЖББМ-Төлеген Нұрай 5 сынып оқушысы.
Жас ақындарымызды құттықтаймыз.