21
декабрь
2020
16 Желтоқсан!
Білім айдынындағы бір кемедегі әріптестер, ата-аналар, оқушылар тәуелсіздігімізді қолға алған мереке құтты болсын!!!
Қазақ қазақ болғалы бостандық үшін күресіп келеді. Бір Алладан басқаға тізе бүкпейтін, ғасырлар бойы ағаштың ішкі діңіндей өзіміздің тектілігімізді жоғалтпауға тырысып, ең көп қырғынға ұшыраған халық болса да, Алладан еш үміт үзбей, болашаққа жақсы үмітпен ұмтылып, барға шүкір деп келе жатырмыз... Мың өліп, мың тірілген асылдай текті елімнің ендігі болашағын жаратушымыз тынышты, бейбіт, бақ берекелі, еңбегімен, білімімен, текті ұрпағымен көктеп көгерген зайырлы мемлекет болуын нәсіп етсін!!!
Халқымыз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!!!
🇵🇼💐👏