“Өзін - өзі тану” » Алматы қаласы Білім басқармасының" №198 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Алматы қаласы білім басқармасының
«№198 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3856484
Есепші бөлімі:
+7(727) 3802010
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2021

“Өзін - өзі тану”

Қалалық ғылыми - әдістемелік семинар: “Өзін - өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы - құндылықтың қайнар көзі.
2021 жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласының №198 ЖББМ «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы - құндылықтың қайнар көзі тақырыбында қалалық ғылыми - әдістемелік онлайн - семинар өткізілді.
Қатысушылар: жалпы білім беретін мектептердің директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері.
Мақсаты: қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу, әдістемелік қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Семинар №198 жалпы білім беретін мектептің директордың ғылыми-әдістемелік оқу ісінің меңгерушісі Саринова Г.С. алғы сөзімен ашып, мектеп тынысы жұмыстарымен таныстырып өтті.
Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының әдістемелік бірлестігі кафедра жұмыстарымен таныстырып өтті.
“Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы, ақын Саят Қамшыгер “ Жас ақындар”
клубындағы шәкірттермен онлайн-сұхбат жүргізді.
Шәкірттер сұрақтарын қойып ақыннан тың жауап ала білді.
Сұхбат соңында шәкірттеріміз өздерінің шығарған өлеңдерін оқып өтті.
Келесі кезекте, ZOOM платформасында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Баймбетова М.О.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаның рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің негізі (коучинг)» атты өз іс - тәжірибесімен бөлісті.
Болашақты жасаймыз тақырыбында Бақтиярова А.А. ашық сабақ өтті. Келесі кезекте Балмағамбетов С.Ж. 4 сынып оқушыларымен "Ұлың құлықты, қызың қылықты" болсын тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Семинар соңында бірлестік жетекшісі Аятбек С.Қ. қорытындылап Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО-ның өзін-өзі тану және рухани адамгершілік тәрбие бөлімінің әдіскеріне алғыс білдірді. Пікір алмасу кезінде семинарға қатысушы педагогтер өткізілген семинарда инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өтіп, семинар материалдарымен бөлісулерін өтінді.