1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ
1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ
2025 жылғы 1 сәуірден бастап "Алматы қаласы білім бөлімінің №198 мектеп-гимназия КММ бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды бастайды. Оқыту тілі-қазақ тілі.
Бірінші сыныпқа алты жасқа толған, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылғандар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті (суретке ақ жейдемен түсу керек)
4) көк түсті файлы бар папка 20 беттік
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Орын саны шектеулі. 25
0 оқушы қабылдаймыз.